Как отмечали Наурыз Құтты Болсын в Актау в прошлом году (Видео)

Как отмечали Наурыз Құтты Болсын в Актау в прошлом году (Видео)

Наурыз – жылдың алғашқы күні. Түптен келгенде, біздің нағыз Жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет… Түбінде осы мерекеге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады.

Смотрите видео Наурыз Құтты Болсын в Актау 2017

Төбесі көрініп тұрған жақсылықты лайықты қарсы алу, осыған мәз-мейрам әзірленудің өзі ғанибет. Тойдың болғанынан боладысы қызық. Той болғандай қандай той – Наурыз тойы!

Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды. Жаңа күн төңірекке нұр-шапағатын төгеді. Жер бетіне жақсылық ұялаған күнді қарсы алайық.